Курстың мақсаты: білім алушыларға Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарының жүйесі, олардың құқықтық мәртебесі, құзыреті және қоғамдағы рөлі туралы жүйелі білім беру. Курс барысында білім алушылар сот, прокуратура, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, кеден органдары, нотариат және адвокатура сияқты институттардың өзара іс-қимылын талдап, олардың құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызын түсінеді. Курс құқықтық ойлау қабілетін дамытып, алған білімді нақты өмірлік жағдайларда қолдануға және өз құқықтарын қорғай білуге үйретеді.